Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№152 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар әдебиетінің жазушысы Шаймерденова Самал Зікірияқызымен «ҮМІТ—КӨКТЕМ» атты кездесу кеші
07
октябрь
2025

Балалар әдебиетінің жазушысы Шаймерденова Самал Зікірияқызымен «ҮМІТ—КӨКТЕМ» атты кездесу кеші

«Балалар кітапханасы» жобасының облыстық жоспарына сәйкес, «Сыр —сұхбат: жергілікті ақын-жазушылармен кездесу» тақырыбы негізінде   Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше қалалық, республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы, ақын, балалар әдебиетінің жазушысы Шаймерденова Самал Зікірияқызымен «ҮМІТ—КӨКТЕМ» атты  кездесу кеші өтті. Кездесуде мектеп оқушылары қаламгердің «ҚАЛАЛЫҚ БАЛА»,«АҚСАҚ КИІК» шығармаларын талдап, жазушыға толғандырған сұрақтарын қойып, шығармаларда көтерілген мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды. Кездесу барысында қаламгер бүгінгі қазақ әдебиетіндегі бағыттар, өз туындыларының кейіпкерлері, шығарма жазудағы ұстанымдары бойынша кеңінен ой толғады. Мектептегі әдебиетсүйер шәкірттер өз ұстаздарын қаламгерлік қырынан танып, шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті.
Ұйымдастырушы:  «Балалар кітапханасы» жобасының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі— Байдуллаева А. Е

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: