25
февраль
2026
№152 мектеп-гимназиясында “Даналық” мектебі аясында дәстүрге айналған ІІІ Әкелер форумы өтті
Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында “Даналық” мектебі аясында дәстүрге айналған ІІІ Әкелер форумы өтті.
Форумға арнайы қонақ ретінде айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан қатысты. Қонақтарымыз әкенің отбасындағы орны, ұлттық тәрбие, ұрпақ болашағы туралы жүрекке жетер әсерлі ойларын ортаға салып, оқушылар мен ата-аналарға рухани серпіліс сыйлады.
Форумның мақсаты – әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және саналы, жауапты ұрпақ тәрбиелеуге ортақ жауапкершілік қалыптастыру.