18
март
2026
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді
6 «А» сыныбында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Армысың, әз Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болды.
Концерт барысында оқушылар Наурыз мерекесінің мән-мағынасы туралы айтты. Әсем әндер орындалып, ұлттық билер биленді, мерекеге арналған өлең-жырлар оқылды. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлерінің бірі – тұсау кесер рәсімі сахналық түрде көрсетіліп, оның тәрбиелік маңызы түсіндірілді. Бұл көрініс көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. Мұндай шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Мерекелік концертті ұйымдастырған 6 «А» сыныбының сынып жетекшісі – Омарова Тұрар Әндешқызы.