08
апрель
2026
«Құстарға үй сыйлайық» сайысы
Жаратылыстану апталығы аясында ұйымдастырылған «Құстарға үй сыйлайық» сайысы жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарға қамқорлық көрсетуге баулу және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды.
Сайыс барысында оқушылар өз қолдарымен жасаған құс ұяларын таныстырып, шығармашылық қабілеттерін, шеберліктерін және жауапкершіліктерін көрсетті. Қатысушылардың жұмыстары бір-бірінен ерекше, эстетикалық талғаммен және табиғи материалдарды тиімді пайдалануымен ерекшеленді.
Әділқазылар алқасы әр жұмысты мұқият бағалап, үздіктерді анықтады. Дегенмен, бұл сайыста барлық қатысушы жеңімпаз деуге болады, себебі әрбір оқушы табиғатты қорғауға өз үлесін қосты.
Іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз. Ұйымдастырушылар: биология пәні мұғалімдері Канкеева Маншук Отекулкызы, Утаганова Фатима Холдибаевна