№152 мектеп - гимназияның эстетикалық пәндер бірлестігінің «Мектеп оқушыларын жан-жақты дамуытудағы эстетикалық бағыттағы пәндердің – заманауи білім беруінің өзектілігі!» атты апталық, » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №152 мектеп - гимназияның эстетикалық пәндер бірлестігінің «Мектеп оқушыларын жан-жақты дамуытудағы эстетикалық бағыттағы пәндердің – заманауи білім беруінің өзектілігі!» атты апталық,
26
апрель
2023

№152 мектеп - гимназияның эстетикалық пәндер бірлестігінің «Мектеп оқушыларын жан-жақты дамуытудағы эстетикалық бағыттағы пәндердің – заманауи білім беруінің өзектілігі!» атты апталық,

№152 мектеп - гимназияның  эстетикалық  пәндер бірлестігінің  «Мектеп  оқушыларын жан-жақты  дамуытудағы эстетикалық бағыттағы  пәндердің – заманауи білім беруінің  өзектілігі!»  атты  апталықтың аясында музыка пәнінен Мұқашева Ләйлә "Ән,  жыр әлемі-болашақта" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың оқу мақсаты: шәкіртке музыка, соның ішінде халық музыкасын, ұлттық өнердің құдіреттілігін  таныту.  Оқушылардың санасына, еркіне, әсіресе олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету.  Тыңдалған әуеннің мазмұнын,   сипатын, жанрын,  көркемдеуш құралын  айыра  білуге   үйрету. Музыкалық шығармаларды интонация,  әуен арқылы танып ажырату.  Өз қолдарымен  ұрмалы- шулы музыка  құралын /аспабын/  жасап, сабақта пайдалану. Тәрбиелік мәні: ұлттық құндылығымыз халық композиторлары мен олардың  артындағы  мұраларын құрметтеуге, ұлттық  аспаптарды құрметтеуге,  үйренуге шақыру. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану,  көркем еңбек. Сабақ Әнұранмен басталып,  "Құпия сандықша"  арқылы сұрақтарға жауап беріп,  өткен сабақты қайталап,  еске түсірумен жалғасты. Үкілі Ыбырайдың "Гәкку" әнінің К. Байсейітова,  Б. Төлегенова,  Қ.Байбосынов,  Н. Үсенбаеваның орындауында тыңдап,  ән-кеше,  бүгін,  ертең деген мағынаны ашты.   Жаяу Мұсаның «Ақ сиса»  әнін домбырамен бір айтып беріп,  оқушылар өздері дайындап келген ұрмалы-шулы музыкалық аспапты  пайдалантып ритмге қосыла ән айтты. Жаяу Мұса өмірінен үзінді айтылды. 1-тапсырма бойынша «Ойтолғау» жасалды. Болашақ арманнан  басталады. Сенің де арманың бар шығар. Кез- келген өнер  адамдары өз  туындыларын болашақта да орындалса  деп  армандаған. Сен  бақыттысың! Өйткені   сен ата-бабалар арманы орындауының  куәгерісінің,- деп оқушыларға ой тастады. 2-тапсырмада  «Талқылау»   жасалып,  «Қыз  Жібек» жыры  туралы  айтылды. Кинофильмнен үзінді көрді. Оқушылар бейнематериалды көрген соң пікірталасқа  арналған сұрақтарға  жауап берді. Сыныпты үш топқа бөліп, көбелек,  құмырсқа,  аралар туралы ертегі  әңгіме айтылып,  үш топ шулы-ұрмалы аспаптарымен дыбыстар шығарды. Сергіту сәтінде  билеп тұрып "Қатып қалдым"  ойнын ойнады. Сольфеджио, гармония, музыка теориясының негіздері қамтылған  бұл сабақта оқушылар әртүрлі музыкалық цифрлық технологияларды, вокалды және инструменталды дағдыларды дамытуға үйренді. Музыкалық құралдар  және заманауи технологиялар арқылы әлемді танудың, әр ұлттың музыкалық аспабын,   өз бетінше интернет арқылы іздеп  танысуға бағыт берілді. Педагог  музыка сабағы — әдебиет, бейнелеу өнері, тарих пәндерімен тікелей байлнысты  екенін, тек осындай өзара сабақтастық болғанда ғана жас жеткіншектерді биік мәдениетті, жан дүниесі бай, ой-парасаты кемелденген білімді тұлға етіп тәрбиелейтінін көрсетті. Музыка — өнер сабағы болғандықтан оның әр компонентінің көркем болуы талап етіледі. Бұл әнмен тыңдалатын музыка ғана емес, орындалатын жаттығуларғада қатысты. Әрбір дыбыс өте әдемі, мәнерлеп айтылуға тиіс. Бұл ереженің  бәрі  орындалған сабақ өз мақсатына  жетті. Л.Мұқашева оқушы ғана емес, жас маманға  берері  мол ұстаз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: