«Рухы жоғары халықтың тарихы мәңгілік» атты апталықтың екінші күні, тарих пәнінен Сатылған Елдана 5 "Ж" сыныбында "Сарматтардың саяси тарихы" тақырыбында ашық сабақ өтті. » 152 мектеп
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 225-27-04
Есепші бөлімі:
+7(727) 245-42-04
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Рухы жоғары халықтың тарихы мәңгілік» атты апталықтың екінші күні, тарих пәнінен Сатылған Елдана 5 "Ж" сыныбында "Сарматтардың саяси тарихы" тақырыбында ашық сабақ өтті.
03
май
2023

«Рухы жоғары халықтың тарихы мәңгілік» атты апталықтың екінші күні, тарих пәнінен Сатылған Елдана 5 "Ж" сыныбында "Сарматтардың саяси тарихы" тақырыбында ашық сабақ өтті.

№152 мектеп- гимназияның қоғамдық- гуманитарлық  пәндер бірлестігінің  «Рухы жоғары халықтың тарихы мәңгілік»  атты  апталықтың екінші күні,  тарих пәнінен  Сатылған Елдана 
5 "Ж"  сыныбында  "Сарматтардың саяси тарихы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың оқу мақсаты: Сарматтар қандай мемлекеттермен өзара қарым- қатынаста болды?  Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау. Сарматтардың  орналасуын картадан анықтау. Сарматтардың әскери өнері туралы сипаттау. Тәрбиелік мәні: «Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі бойынша,   
«Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі,  «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі», «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды мысал келтіру арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді құрметтеуге, қастерлеуге  шақырды. Пән аралық байланыс:  география,  қазақ тілі, әдебиеттік оқу, технология. Пайдаланылған әдіс - тәсілдер: Байқап  көру  мен  қателер  әдісі, сын тұрғысынан ойлау,  топтастыру тб.. әдәстер болды.  Көрнекіліктер: Карта,  интербелсенді тақта,  үлестірмелер. Сабақ  жағымды  көңіл –күй тудыратын   амандасумен    басталды. Геометриялық  фигураларды пайдалана  отырып,  топтарға  бөлінді. «Kahoot»  платформасында тестпен жұмыс жасалып,  өткен тақырыпты еске түсірді. Ой шақыру.  "Суреттер сөйлейді".  Сабақ тақырыбы,  сабақ мақсаты мен табыс критерийлерімен таныстыру үшін сұрақтар қойылды. Тиімділігі,  тарих  пәніне  қатысты  терминдер  мен Қазақстан аумағындағы  ежелгі  қолданған  қару –жарақ  атауларын еске түсірді. Негізгі бөлімде: "Сарматтардың саяси тарихы" тақырыбында бейнематериал көрсету арқылы,  сабақтың негізгі мазмұнын түсіндірді. Сергіту сәті болды. Жақсы көңіл-күймен "Адасқан сөздер"  әдісін пайдаланып,  сөйлемдер құрастырды.
Оқушылар Сарматтардың  скифтермен,  Сарматтардың  римдіктермен қатынасын топтық жұмыс арқылы жарыса "постер қорғау"   әдісімен орындады.  Жұптық тапсырма,  картамен жұмыс,  оқулықтағы мәтінді карта арқылы салыстыра орындалды. Сабақтың  әр  кезеңі  ҚБ бағаланып,  мадақталып  отырылды. Мұғалім  тарихты оқытуда техникалық құралдарды пайдалану тәсілдерін  тиімді  пайдаланды. Сатылған Елдана  педагогтық  қызыметін  биылғы  оқу  жылы  бастаған жас маман болса да  орнықтылығы,  ізденімпаздығымен  көзге  түскен маман. Зерделі  шәкірт,  жемісті  еңбек  тілейміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: