Балалардың бойындағы рух – Тәуелсіздіктің нышаны
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 3 "А" сынып оқушыларының қатысуымен ерекше тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырылды. Мектептің кең мәжіліс залында өткен жиында балалар қолдарына мемлекеттік туды ұстап, ел мерекесіне деген құрметін білдірді. Дөңгелек үстел басына жиналған оқушылардың салтанатты кейпі – өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айқын көрсетеді. Ұстазы Мұратова Арайлым Мұратқызының жетекшілігімен өткен бұл шарада оқушыларға еліміздің